Нәтижелі Ақтөбе және сенімді Шаймарданов

29 tamyz
1256

2023 жылғы ҚР Кубогінің алдын ала кезеңін қорытындылайық.

Топтық кезеңнің ең нәтижелі ұжымы – елордалық алтылықтың жеңімпазы «Ақтөбе». Евгений Штайгердің ойыншылары бес матч ішінде 18 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды (бір ойында орта есеппен 3,6 гол).

Нәтижелілік тұрғысынан турнирдің ең нашар командалары күтпеген жерден 2022 жылғы Кубок жеңімпазы «Сарыарқа» (4 матчта 8 гол) және қазіргі ел чемпионы «Номад» (5 матчта 9 гол) болды.

Бір қызық дерек – «В» тобының жеңімпазы «Хумо» турнирдің 11 командасы ішінен салынған шайба саны бойынша тоғызыншы орынды ғана иеленді (қоржынында 10 гол). Алайда ташкенттіктер мұны қорғаныстағы мығым ойынымен жуып-шайды. 4 кездесуде Евгений Попихиннің ойыншылары өз қақпасына небәрі 4 шайба өткізді. Бұл – топтық кезең аясындағы үздік нәтиже.

Турнирдің алты матчында командалар жеңімпазды негізгі уақыттан тыс анықтады. Турнирдің алты матчында қатысушылардың бірінің құрғақ жеңісі тіркелді. 25 тамызда қатарынан үш кездесу бірдей 1:0 есебімен жеңімпаздардың пайдасына шешілді.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Кубоктің үздік бомбардирі Евгений Попитич болды. «Ақтөбелік» форвардтың қоржынында бес кездесуден кейін 10 (5+5) балл бар.

Қорғаушылар арасынан үздік нәтижелер «Бейбарыс» өкілі Владимир Ершовқа тиесілі, ооның есебінде 4 нәтижелі пас беру бар.

«Хумоның» аралық көрсеткіштеріндегі жетістігіне атсалысушылардың бірі –Дамир Шаймарданов. Қақпашы өзінің үш жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, екі рет мұздан шайба өткізбестен кетті. 185 минутқа созылған ойын уақыты барысындағы Дамирдің сенімділік коэффициенті 0,6 шайбаны құрады, сондай-ақ ол соққылардың 97,4%-ына тойтарыс берді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.