Сарыарқа Көкшетаудан төрт балмен қайтты, Хумо мен Ақтөбенің құрғақ жеңістері

19 jeltoqsan
1484

Қазақстан чемпионатындағы қызу ойын күні көрерменге қатарынан қызықты төрт матч ұсынады.

«Арлан» мен «Сарыарқаның» текетіресінде тағы да қонақтар басым түсті. Қарағандылықтар екінші кезеңнің соңына қарай жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Қорытынды кезеңде көкшетаулықтар ойынға орала білді, алайда жеңілістен құтыла алмады. Жеңімпаздар құрамынан Александр Борисевич пен Саян Данияр екі балдан жинады.

«Арлан» - «Сарыарқа» 2:3 (0:0, 0:2, 2:1)

0:1 - 34:18 - Дёмин (Данияр) ГМ

0:2 - 36:08 - Злобин (Борисевич, Беляев)

0:3 - 43:43 - Борисевич (Данияр) ГБ

1:3 - 45:39 - Жарков (Преснов, Михайлов)

2:3 - 49:08 - Дюкарев (Москалёв, Костромитин)

Қақпашылар: Мейдер - Каратаев

«Құлагер» «Хумоның» қақпасын ала алмады. Кездесудің басты қаһарманы –қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берген қонақтардың қақпашысы Роман Смирягин. Өз есебін Евгений Сулимов пен Артём Валеев толтырды. Ташкенттік ұжым маусымдағы 20-шы матчын жеңіп, чемпионаттағы аралық екінші орын үшін жорыққа оралды.

«Құлагер» - «Хумо» 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

0:1 - 27:06 - Сулимов (Валеев, Трунев)

0:2 - 42:50 - Валеев (Кириллов) ГБ

Қақпашылар: Хозяшев - Смирягин

«Ақтөбе» кезекті рет шағын құраммен шыққан «Номадты» екінші рет жеңді. Алаң иелері қорғаныста мығым ойнап, Иван Кучин мен Евгений Гасниковтің күшімен артық құрамдағы өз сәттерін ұтымды іске асырды. Қақпаға бағытталған 48 соққыға тойтарыс берген голкипер Дмитрий Шаров құрғақ жеңіске жетті.

«Ақтөбе» - «Номад» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:57 - Кучин (Митряков, Григоркевич) ГБ

2:0 - 50:59 - Гасников (Акишин, Ковзалов) ГБ

Қақпашылар: Шаров - Калмыков

Атыраудағы тартысты кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды, алайда «Торпедо» камбэк жасай жаздады. Бірінші кезеңде-ақ Артём Аргоковтың ойыншылары қарсыласты төрт рет састырды. Бұл серпіліс ойынның тағдырын шешті. Өскемендіктер кездесу соңында тыпырлай бастады, ойын аяқталғанша есеп алшақтығын азайтты, алайда ұпай жинай алмады. Роман Бердников, Виталий Тесленко мен Александр Шин екі дөп соққыдан салды.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 6:4 (4:0, 0:0, 2:4)

1:0 - 00:18 - Бердников (Иванов)

2:0 - 11:42 - Холоденин (Бердников, Тесленко) ГБ

3:0 - 14:03 - Бердников (Холоденин, Иванов)

4:0 - 16:40 - Тесленко (Бердников, Воробьев)

4:1 - 41:29 - Шин (Петросян, Олендаренко) ГБ

4:2 - 43:58 - Дзедаев (Петров, Алдабергенов)

5:2 - 50:54 - Захарчук

5:3 - 51:01 - Петросян (Олендаренко, Буденчук)

5:4 - 59:18 - Шин (Петросян, Буденчук)

6:4 - 59:49 - Тесленко

Қақпашылар: Базарбеков - Классен (Пыленок, 14:03-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.