Хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч өтті.
«Барыс» жүйесіндегі командалардың екінші текетіресінде тағы да Ғалым мамбеталиевтің ойыншылары басым түсті. Кирилл Казаков дубль жасады, қақпашы Максим Павленко қақпаға бағытталған 16 соққының барлығына тойтарыс берді. Осы жеңісінің арқасында «Номад» Лиганың турнир кестесінде үшінші орынға шықты.
«Номад» - «Снежные Барсы» 5:0 (2:0, 2:0, 1:0)
1:0 - 04:20 - Рунов (Александров, Недилько)
2:0 - 07:10 - Казаков (Пелевин, Недилько)
3:0 - 36:44 - Казаков (Недилько, Пелевин)
4:0 - 37:19 - Мухаметов
5:0 - 47:54 - Александров (Диханбек, Никитин)
Қақпашылар: Павленко - Дубинскас
«Хумо» «Торпедомен» матчта аса қиналмады. Ташкенттік ұжым Шығыс Қазақтанға жасаған сапарында қатарынан үшінші матчты жеңді. Жеңіс шайбасының авторы – матчта екі ұпайды қоржынына салған Алексей Кириллов. Қақпашы Дмитрий Мальгин 19 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Хумо» 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)
0:1 - 05:48 - Караваев (Игнатушкин, Чеботарев)
1:1 - 10:45 - Джангазинов (Назаренко)
1:2 - 28:25 - Кириллов (Трунев, Рехтин)
1:3 - 32:52 - Кравченко (Кириллов) ГБ
1:4 - 46:20 - Тунхузин (Бурделёв, Цыплаков)
Қақпашылар: Осокин – Мальгин
«Алматы» Рудныйдан төрт балмен қайтты. Кездесудің басты кейіпкері – қонақтардың форварды Никита Баженов. Ол шайбаны лақтырып, покер жасады, содан кейін ойын овертаймға өтіп, қосымша бес минутта да көзге түсті. Оңтүстікастаналық ұжым қатарынан төртінші жеңіске жетіп, енді плей-офф аймағымен арасын үш ұпай бөліп тұр.
«Горняк» - «Алматы» 4:5 ОТ (2:0, 0:2, 2:2, 0:1)
1:0 - 03:48 - Садиков (Селютин, Кунишников)
2:0 - 10:21 - Кунишников (Селютин, Садиков)
2:1 - 30:48 - Ваулин (Баженов, Анисимов)
2:2 - 36:57 - Баженов (Кенесбай, Аргымбаев) ГБ
3:2 - 42:01 - Степанов (Куршук, Харькин)
3:3 - 43:35 - Баженов (Анисимов, Ваулин)
4:3 - 46:28 - Шетле (Козорез)
4:4 - 59:17 - Баженов (Твердохлебов, Анисимов)
4:5 - 62:42 - Баженов (Машинец)
Қақпашылар: Скрынников - Вилардо
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.