Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі жекпе-жек өтті.
Рудныйда «Номад» «Горняктан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бірінші кезеңде-ақ көшпенділер басымдылығын көрсетіп, әрі қарай сенімді түрде жеңіске жетті. Кездесуде көзге түскен ойыншылардың бірі – екі балл жинаған Максим Мухаметов.
«Горняк» - «Номад» 1:4 (0:2, 1:1, 0:1)
0:1 - 06:27 - Мухаметов (Колобов, Казаков)
0:2 - 14:26 - Рунов (Мухаметов, Александров) ГБ
1:2 - 23:54 - Платонов (Кунишников, Садиков)
1:3 - 26:23 - Бойко (Мангисбаев, Александров)
1:4 - 45:59 - Грачев (Нурлан, Тетерин)
Қақпашылар: Акулинин - Шутов
«Алматы» «Снежные Барсы» командасының арынын басты. Оңтүстікастаналық ұжым 12 матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Жеңіс шайбасы Никита Баженовке тиесілі. Қонақтардың қақпашысы Николас Вилардо қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.
«Снежные Барсы» - «Алматы» 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)
0:1 - 19:19 - Анисимов (Рыжих)
0:2 - 52:54 - Баженов (Анисимов)
1:2 - 58:35 - Решетько ГБ
Қақпашылар: Никитин - Вилардо
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.