1XBET HOKEI MEIRAMY 2024 жаттықтырушылары

24 sáýir
392

1XBET HOKEI MEIRAMY 2024-тегі командаларымыздың жаттықтырушыларымен танысатын кез келді.

«Легенды» командасына қазақстандық хоккейдің аты аңызға айналған ойыншысы Виталий Еремеев жетекшілік етеді. Наганодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азиа ойындарының жеңімпазы, Ресейдің екі дүркін чемпионы – бұл Виталий Михайловичтің ойыншы ретіндегі қызметінің басы ғана. Ойыншы ретіндегі мансап жолында Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Еремеевтің бапкерлік мансабы мәскеулік «Динамода» басталып, қазір маман ЦСКА жүйесінде жұмыс жасайды.

«Qazaqstan» командасы құрамынан жанкүйерлер танымал стендап-комик Евгений Чебатковты көре алады. Өскеменнің тумасы бұл спорт түрінен аса алшақ емес және хоккей матчтарын жиі тамашалайды. Евгенийдің тартымдылығы мен сөзшеңдігін ескерсек, командамен тіл табысып, ойыншыларды жұмылдыра алатынына күмән жоқ.

Жігер Азберген мен Александр Олейник – қазақстандық хоккейдің ең танымал комментаторлары. Бұл сарапшылар бірлесіп мыңнан астам матч өткізді және «Astana» командасының мықты және осал тұстарын беске біледі. Бұл ынтымақтастық жаңа көзқарастарға ден қоюға дайын хоккейшілер үшін де жемісті болмақ.

«PRO» командасына ойнайтын бапкер бұйырды. Оның міндетін Саян Данияр орындайды. Өз мансап жолында шабуылшы басқа лигалардан бөлек, Pro Hokei Ligasy-ның бірнеше командасы үшін өнер көрсетіп үлгерді, сондықтан ұлттық чемпионаттың қыр-сырын жақсы біледі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.