Горняк Атыраудан 4 балмен қайтты, Мерзликиннің хет-тригінің арқасында Номад Арланды екінші рет жеңді

7 aqpan
198

Атырау мен Көкшетауда өтіп жатқан Pro Ligasy матчтарын бақылаймыз.

«Бейбарыс» пен «Горняк» арасындағы екінші кездесу де рудныйлықтардың пайдасына шешілді. Қонақтар сапынан Руслан Өтебаев дубль авторы атанса, Евгений Степанов төрт нәтижелі шабуылға тікелей қатысып (1+3), көзге түсті.

«Бейбарыс» - «Горняк» 2:5 (1:0, 0:2, 1:3)

1:0 - 07:25 - Васин (Шингареев, Шишов)

1:1 - 20:59 - Горожанинов (Степанов, Юлбарисов) ГБ

1:2 - 39:11 - Степанов (Катков, Юлбарисов)

1:3 - 42:55 - Өтебаев (Степанов)

1:4 - 44:33 - Өтебаев (Платонов, Степанов)

2:4 - 51:29 - Ковзалов (Пиниди, Казаченко)

2:5 - 58:37 - Юлбарисов (Кротов)

Қақпашылар: Микушин - Нурек

«Арлан» мен «Номад» арасындағы екінші кездесудің басты кейіпкері елордалық ұжымның шабуылшысы Никита Мерзликин болды – ол бүгін хет-трик авторы атанды. «Көшпенділер» қақпашысы Роман Калмыков қақпаға бағытталған 20 соққыны тойтарды.

«Арлан» - «Номад» 1:5 (1:0, 0:2, 0:3)

1:0 - 04:30 - Свинцицкий (Кисель, Ибраев)

1:1 - 30:16 - Мерзликин (Королёв, Макаров)

1:2 - 35:06 - Оспанов (Маңғысбаев, Бутенко) ГБ

1:3 - 40:28 - Мерзликин (Мигунов, Королёв)

1:4 - 46:00 - Цыбин

1:5 - 53:45 - Мерзликин (Гатиятов) ГБ

Қақпашылар: Мейдер (Истомин, 46:00-60:00) - Калмыков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.